Білім • 23 Маусым, 2023

Түлектерге – ақ жол!

607 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылғы оқу жылын Алма­ты облысында 12 253 түлек аяқтаса, оның 696-сы «Алтын белгі» иегері атан­ды. Түлектерді бұл қуа­нышымен өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев құт­тықтап, ақ жол тіледі.

Түлектерге – ақ жол!

Суретті түсірген Ж.Мұсабеков

«Бүгін ата-ана үшін бауыр еті – баланың үлкен өмірге қанат қаққан, ұстаз үшін шәкірттерінің биіктен көрінген қуанышты күні. Білімді де дарынды жастары­мыз құрылғанына бір жыл толған өңіріміздің келешекте гүл­деп, көркеюіне орасан зор үлес қо­сарына сеніміміз мол. Елі­міз үшін дарынды жастар – басты құндылық. Халқымызды жар­қын болашаққа жетелейтін де, жеткізетін де өздеріңіз. Облыс жұртшылығының 84 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Яғни сіздер ауыл мектептерінде оқып жүріп те терең білім, тәлімді тәрбие алудың айқын үлгісін көрсетіп отырсыздар. Алдағы уақытта еліміздің, шетелдің жоғары оқу орындарына түсіп, қалаған мамандықтарыңызды меңгерген соң осы отырған әрбі­ріңіздің туған жерге ту тігіп, елі­міздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірдің өркендеуіне атсалысады деген ойдамын. Сіз­дер мамандық иесі болып орал­ғанша облысымызда көптеген жарқын жобалар жүзеге асып, іргесі қаланады. Сол кезде ға­лым­дар, экономистер, қар­жы­герлер, саясаткерлер, инженерлер, мұ­ғалімдер мен дәрігерлер қажет болады. Үкіметтің қолдауымен Қонаев қаласынан академиялық қалашық салу жоспарланып отыр. Жастарды қолдауда, олардың тұрмыстық ахуалын жақ­сартуда заманауи тұрғын үй­лер бой көтеріп, қаламыздың іргесі кеңейеді. Жаңа жұмыс орындары көбейеді. Сондықтан Алатаудай асқақ армандарыңыз орындалып, дүниеге бір кірпіш болып қалануларыңызға тілек­теспін»,  деген облыс әкімі сал­танатты шара барысында мек­тепті «Алтын белгіге» аяқта­ған түлектердің ата-аналарына ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыс етті.

Әсем әнмен көмкерілген салтанатты шара соңында түлек­тер­ге Қонаев қаласының бас жос­парының макеті таныстырылды.

Осы тұста айтар болсақ, облыс әкімінің қолдауымен өңірде білім саласында көптеген игі іс пен жоба жүзеге асы­рылып жатыр. Мысалға айтар болсақ, білім сапасын арттырып, білімді жастар әлеуетін көтеруді мақсат еткен өңір басшысы қайтарымды инвестиция ретінде салаға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтқан. Білім сапасын көтеру мақсатында «50 мектеп» жобасын қаржыландырып, «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін облыстың 50 мекте­біне ендіруді бастаған. Осы жоба аясында дарынды 50 оқушы 35 күн Астана қаласында тегін олим­пиадалық дайындық курстарынан өтеді.

Сонымен қатар өткен жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден жо­ғары балл жинап, бірақ мемле­кеттік грантқа іліне алмаған, ақылы оқуға мүмкіндігі жоқ, об­лыс­тағы аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына әкімдік тарапынан қажетті мамандықтарға 100 грант бөлініп, жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Биыл жергілікті бюджет есебінен педагогикалық, меди­циналық, ауыл­шаруашылық маман­дық­тарына 100 грант бөлінген.

«Біз әрқашан жастарға қолдау көрсетуге дайынбыз», деген облыс әкімі Балқаш ауда­ны тұрғындарымен кездесуі барысында балаларын оқыта алмай отырғанын айтқан 2 ананың өтінішін бірден қарастырып, аталған балаларға грант тағайын­далып, өңір бюджетінен қаржы бөлінгендігін атау артық етпес. Негізінен облыс әкімдігінің гранттары тек бакалавриатқа ға­на бөлініп келсе, былтырдан бастап интернатураға да бөлуді қарастыра бастаған. Нәтижесінде, Талғар мен Қонаев қалаларынан медициналық мамандықтың бакалавриат деңгейін үздік бітірген 2 түлекке интернатурада білім алуға әкімдік грант бөліп, қолдау білдірді.

 

Алматы облысы