Қоғам • 24 Маусым, 2023

Әлеуметтік осал топтағы балаларға бөлінетін грантты ұлғайту ұсынылды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Депутат Гауһар Танашева Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы балалары үшін білім грантын ұлғайту мәселесі туралы сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік осал топтағы балаларға бөлінетін грантты ұлғайту ұсынылды

«Осы шараларды елімізде неге қабылдап, жүзеге асырмасқа?! Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, білім беру гранттарының саны жыл сайын артып келеді және гранттар ҰБТ нәтижесі бойынша беріледі. Оған қоса білім грантын бөлгенде азаматтардың әлеуметтік осал санаты үшін квота қарастырылған. Көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, ерекше қажеттігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасындағы үміткерлердің грант алуға мүмкіндіктері жоғары», деді Гаухар Танашева.

Мәжіліс депутатының айтуынша, 2022-2023 оқу жылына бөлінген 73 061 мемлекеттік гранттың 15 029 игерілмей қалды. Игерілген гранттар ішінде 2 865 грант көпбалалы отбасындағы балаларға, 1 253 грант толық емес отбасындағы балаларға берілді. Министрліктің мәліметінше, пайдаланылмаған гранттар ҰБТ нәтижесінің төмен көрсеткішіне байланысты.

«Бұл гранттарды министрлік ҰБТ-дан төмен балл алып қалған, бірақ оқуға және жоғары білім алуға деген ынтасы бар халықтың әлеуметтік осал топтары арасында бөліп беру жолы неге қарастырылмаған? Көпбалалы отбасындағы ең болмағанда бір бала жоғары оқу орнына түсіп, жақсы білім алып, болашақта жоғары жалақы алатын жұмысқа орналасып жатса, артынан ерген бауырларына да көмектесіп, аяқтарына нық тұрып, көпбалалы отбасылардың «масыл» деген атағы жойылар еді ғой«, деді депутат.