Спорт • 24 Маусым, 2023

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Монғолияда өткен Grand Slam турнирінде Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Отандасымыз Ресей спортшысы Доминик Ресселмен және Моңғолия дзюдошысы Буянцагаан Эрденебатпен белдесті.

Алайда Абылайхан Жұбаназар ширек финалда жапониялық Кения Охараға есе жіберіп алды. 

Абылайхан моңғолиялық Молд-Очир Герелтуяны жеңіп, нәтижесінде қола жүлдеге ие болды.