Басылым • 25 Маусым, 2023

Ақпарат айдынында – «Алатау арайы»

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына қоныс аударғалы бері өңірдің тыныс-тіршілігінен хабардар етуді мақсат тұтқан жаңа басылым жарыққа шыққан еді. Алматы облыстық қоғамдық-саяси газет «Алатау арайы» деп аталады.

Ақпарат айдынында – «Алатау арайы»

Баспасөздің бүгінгі өліара шағында өмірге келген бұл басылым негізінен 105 жылдық тарихы бар «Jetisy» газетінің шекпенінен шықты. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап аталған басылымның қосымшасы ретінде таныла бастаған «Алатау арайы» жаңа жылдан бері өз алдына дербес басылым болып, өңірдің көзіқарақты оқырманының рухани азығына айналып келеді.

«Бұқаралық ақпарат құрал­­дары бәсекеге қабілетті жә­не­ еркін болуы керек. Бұл қа­ғи­дат қазір кез келген өрке­ниет­ті­ ел үшін айрықша ма­ңызды. Отандық ақпарат құрал­да­рының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс», деген Мемлекет басшысының тапсырмасын басшылыққа алған басылым әлеуметі мен әлеуеті артып келе жатқан Алматы облысының сәт сайынғы ілгерілеу жолындағы жаңалықтарының жаршысына айналды. Жыл басынан бері 71-нөмірі жарыққа шыққан газет­тің­ бағыт-бағдары айқын.

– «Алатау арайы» дербес басылым ретінде оқырман қолына тие бастағанына алты ай болды. Адам өмірімен салыстырсақ әлі іңгәлаған нәресте шақ­та.­ Десек те «іңгәлаған» қал­пы­мыз­бен аймақтық, одан бөлек рес­пу­бликалық деңгейде басылымдар көш-керуеніне күмістелген болмаса да күйме жалдап, ілескен жай бар. Республикалық деуімнің себебі, Ақордаға үніміз жете бас­та­д­ы. Түркістан облысынан тартып,­ Екі­бастұзға дейін там-тұмдап оқыр­мандарымыз бар. Таралым 7 мың­дық­ дең­гейге жетіп жығылды. Ұжы­м­­ның шығармашылық, тех­ни­­калық құрамы толық қа­лып­тасып, жұдырықтай жұмы­лып­ іске кірісіп жатыр. Журна­лис­­теріміздің тұрмыстық жағ­дайы мен­ редакцияның мате­риал­дық-тех­никалық базасы мақ­танарлық дәре­жеде емес. Үміті үзілмеген жұрт­­пыз ғой. Жаңа, жас облыс­ орта­лы­ғының ер­те­ңіне сен­ген­­діктен ұйым­шыл ұжы­мы­мыздың еңсесі көте­ріңкі, – дей­ді­ «Алатау арайы» газе­ті­нің бас­ редакторы Кәдірбек Құны­­пия­­ұлы.

Ақпарат саласындағы ж­а­уап­­­­кер­шілігі мол жүкті арқа­­лап,­­­ Ала­тау­дың жылт етпе жаңа­лығын шар­тарапқа таратуда­ ты­ным таппайтын қаламы қарым­ды­ Қуат Қай­ранбаев, Қуаныш Тұн­ғатар, Се­рік Сатыбалдиев, Алма Есенбай, Бо­лат Мәжит, Құралбек Сәбитов сын­ды­ «Jetisy»­ газетінен танымал сақа журналистер қатары бүгін­де тә­жі­рибелі Айжарық Көп­ті­леуов, Бей­біт Мекеев, жас тіл­ші Баян Мұрат­бекқызы және аудандардағы мен­шікті тіл­ші­лермен толығып, басылым мазмұнының арта түсуіне үлес­­те­рін қосып келеді. Басы­лы­м­ның ма­з­мұнын айшықтауда фото­тілші Аслан Қажекенің ізде­нісі өз алдына бір төбе.

Мерзімді басылымның уақ­ты­лы әрі сапалы шығуында қалам­ды қару еткен журна­лис­тер­­мен­ қатар, есеп­ші Жаухар Аман­­кел­диева, жа­уап­ты хатшы Шол­пан­ Нұр­­­­­жа­уо­­­ва, терімші Жанат Тоқа­нова бас­­­­таған тәжі­ри­белі маман­дармен қа­­тар, бі­лік­ті беттеу­ші­лер­, сауатты кор­­ректорлар еселі еңбек сіңіріп жүр.­ Сондай-ақ газет­тің электронды сайты­ жанданып келеді.

Интернет қарыштап дамы­ған заманда мағыналы, маз­мұнды мақа­лалар арқылы ұлты­мыздың рухын асқақтатып, бұқа­раға өркениет пен елдік мұраттарды дәріптеп, бірлік пен берекені насихаттайтын жаңа басылым – «Алатау арайы» газетіне сәттілік ті­­лей­міз.

 

Алматы облысы