ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 12-16 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) қатысуымен діндар әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Т.В. Мұстафина, Р. Солтан, А.А. Кеңесбаева, Г.К. Оразбаева, З.Б. Малгараева тартылды.
РАТТ мүшелерінің қатысуымен Петропавл, Сергеевка қалалары, Тайыншы, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандары, Бескөл, Новоишимское ауылдарының мешіттеріндегі әйел жамағаты, өңірлердегі орталық кітапхана, мектеп-лицей мен медициналық колледж, дін істері басқармасының мекемелері қызметкерлерімен, әлеуметтік осал топтағы әйелдермен және басқа да қатысушылармен семинарлар мен кездесулер өткізілді.
Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына теріс діни ағымдардың белгілері, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты, әлеуметтік желілердегі Қазақстандағы хиджаб туралы дискурстар туралы ақпараттар берілді.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы діндар әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.