Дін • 27 Маусым, 2023

Қашықтан құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 маусым Құрбан айт мерекесі басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Құрбан-2023» қайырымдылық акциясын ұйымдастарып жатыр. ҚМДБ  Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қашықтан құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

«Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін «Құрбан-2023» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады», делінген ресми ақпаратта.

ҚМДБ мәліметінше, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.