![Елімізде қазақ баспасөзінің күні белгіленді](/media/2023/06/27/dc49ed48-7453-4b66-99f5-1efe6d91ad0f.jpeg)
«Сүйінші бір жаңалығымызды айтқым келіп отыр. Біз қыс мезгілінде «Қазақ» газетінің дүниеге келген 2 ақпан күнін Қазақ баспасөзінің күні деп жариялау туралы бастама көтерген едік. Сол ұсыныс қабылданды. Журналистер күні аясында жариялануы керек. Бұдан былай 2 ақпан – Қазақ баспасөзінің күні болады. Біздің жүріп өткен жолымыз бізді болашаққа апаратын жол», деді Дархан Қыдырәлі.