Қазақстан • 27 Маусым, 2023

Ақмола облысында орман қорына жататын учаске мемлекетке қайтарылды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақкөл ауданының прокуратурасы сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қоры учаскелерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында орман қорына жататын учаске мемлекетке қайтарылды

Мемлекетке қайтарылған орман қоры учаскесінің жалпы ауданы - 118,9 гектар.

«Жалпы құны 678 млн теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды», деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұл орман телімдері бойынша 2016 жылдан бастап белгіленген мақсатқа сай пайдаланылмағаны, жалдау ақысы төленбегені анықталды.

Сонымен қатар кәсіпкерлер орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбеген, өртке қарсы жоспарлар әзірленбеген.

«Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша арадағы шарттарды бұзуға негіз болды», делінген Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

2023 жылы 21 маусымда Алматы қаласы әкімдігі Терренкурдағы су айдынының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарғаны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.