Дін • 28 Маусым, 2023

Құрбан айт құтты болсын!

339 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Бар­лық мақтау Аллаға тән. Ардақ­ты Пайғамбарымыз Мұхам­медке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Құрбан айт құтты болсын!

Қадірлі отандастар!

Сіздерді мұсылман қауымы­ның ұлық мейрамы – Құрбан айт ме­ре­­ке­сі­мен шын жүректен құт­тық­таймын. Айт қабыл болсын! Бар­шаңызға мық­ты денсаулық, отбасыларыңызға аман­дық, жұ­мыс­­тарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің мерейімізді үстем етсін!

Құрбан айт – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ете­тін мейрам. Ұлық мере­кенің тәр­биелік мәні мен мағына­сы терең­де жатыр. Қасиетті Құ­ранда: «Ұмыт­паң­­дар, олардың еті де, қаны да еш­қа­шан Аллаға жетпейді. Оған же­те­тін нәрсе – жүректеріңізге ұя­ла­­ған тақуалық­тарың (шынайы ниет­­терің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), де­лін­ген. Аятта айтылғандай, Құдай жо­лын­да жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.

Адам баласы құрбандық шалу арқылы Алланың берген ризық-несібесіне шүкір етеді. Құдайдың нәсіп еткен нығметтің бір бөлігін көмекке мұқтаж жандарға үлесті­ріп, олар­дың да ақысын беріп, қуа­нышқа бөлейді. Өйткені Пай­ғам­барымыз Мұхам­мед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Па­рыз амал­дан кейінгі Аллаға ұнам­ды іс – мұ­сыл­ман­ның жүрегіне қуаныш сыйлау» деген.

Халқымыз «Бота алғанша бата ал»­ дейді. Үлкеннің, жалпы кө­мекке мұқ­таж жандардың алғысын алып, бата­сына бөлену – айт кезін­де орын­далатын сауапты істің бірі. Мұсыл­ман баласының ұлық күнде шынайы ниетпен құрбан шалып, оны мүгедектер мен жетімдерге, көп­ба­лалы отбасылар мен қарттарға таратып, алғысын алуға тырысатыны сондықтан.

Осы ретте еліміздегі барша­ кә­­­сіп­кер азаматтарды Құрбан айт­­тың құр­ме­тіне мал құнын қол­­дан көтермей, ха­лықтың әлеу­меттік жағдайын ескеріп, оң­тайлы баға ұсынуға, жұр­ты­мыз күнде тұтынатын азық-түлік­­ке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейі­рімділік, жомарттық, қайы­рым­ды­лық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін бере­ке­лі сәттерде халқымызға жақ­сылық жа­сап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік.

Ардақты ағайын!

Алла қаласа биыл елімізде құр­бан шалу рәсімі офлайн және он­лайн форматта өтеді. Діни бас­қарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағ­дай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты. Барша мұсылман қауы­мын мүфтияттың «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық акция­сына үлес қосып, сауапты істерде белсенді болуға үндеймін.

Бүгінде әлем мұсылмандары Мекке қаласында қажылық жасау­да. Солардың қатарында пары­зын өтеп жүрген 4 мың отанда­сымыздың ниеті мен дұғасы қабыл болып, елімізге аман-есен оралуын тілейміз.

Алла Тағала еліміз бен жеріміз­ге берекесін жаудырып, шалған құр­бандықтарымызды, берген сада­қаларымызды, айт күндері амал­ға асырған Аллаға ұнамды әрбір игі істерімізді қабыл еткей. Әмин!

 

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, 

Бас мүфти