Алматы облысы ТЖД мәліметтеріне сүйенетін болсақ, өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га болды, оның ішінде сөндірілгені 6080 га аумақ.
ТЖД және «Іле-Балқаш «МТР» РММ күштерімен қолмен жұмыс істейтін шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, солтүстік-батыс жағындағы 6-кварталда алдын ала 120 га алаңда сөндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштері жырту жұмыстарын жүргізуде.
Ведомство елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтты.
28 маусым күні сағат 13:40-тан бастап өртті сөндіруге «Қазавиақорғау» АҚ-ның Ми-872 тікұшағы жұмылдырылып, осы уақытқа дейін жеті рет су төгу жұмыстары жүргізілді.
Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 бірлік техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 2023 жылғы 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 бірлік техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сондай-ақ «Іле-Балқаш» РММ 25 адам және 10 бірлік техника, 8 адам және 4 бірлік орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.