Спорт • 29 Маусым, 2023

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC президенті Дэйна Уайт жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың сегізбұрышқа оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Шавкат Рахмонов рингке 16 қыркүйекте оралады. Ол UFC турнирінің ортақ жекпе-жегінде америкалық Кевин Гастелуммен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта алтыншы орында тұр. Ол UFC аясында осыған дейін бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Қазақстандық соңғы жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилді жеңген еді.