Экология • 29 Маусым, 2023

Ақтауда итбалықтардың өлекселері табылды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда теңіз жағасынан өлі итбалықтар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда итбалықтардың өлекселері табылды

Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, теңіз жануарларының өлекселерін туристер байқаған. Олардың айтуынша, итбалықтар теңіздің толқынымен жағаға шығып кеткен.

 

Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Баутино ауылы аумағынан да оннан аса өлексе байқалған.

Ал жыл басынан бері Түпқараған ауданындағы жағалаудан 200-ге жуық өлі итбалық табылды.