Қоғам • 29 Маусым, 2023

Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жаңа ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі іске қосылды. Қала әкімдігінің өкілдері бұл шаһардағы су тапшылығы мәселесін толық шешетінін алға тартты. Жаңа су станциясының арқасында тәулігіне 35 мың текше метр су беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды

Қазіргі кезде станцияның монтаждау жұмыстары мен гидро сынақ жұмыстары аяқталған. Ал қазір толық іске қосу үшін тестілеу жұмыстары өтіп жатыр. 

Жоспар бойыша су берудің екінші кезеңі тамыз айында басталады. Сол кезде 100 мың текше метрге дейін су беріледі деп жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі осыған дейін қалада су құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылғанын, бұл судың қысымын арттыруға және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін айтты.

.

 

«Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекеніндегі сорғы-сүзгі қуатын кеңейту аяқталып жатыр. Бұл жобалар келешекте Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қосымша қуат береді», деп қосты әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының («Тұран», «Оңтүстік-Шығыс») құрылысы жүріп жатыр. Айта кетсек, ЖЭО-3-те жұмыс жүргізіліп жатыр, оның құрылысы кешіктірілді. Бұл нысандарды жаңа жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.