Білім • 29 Маусым, 2023

Озат оқушылар елордаға саяхаттайды

271 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елорда күні қарсаңында оқуда озат және байқауларда жақсы нәтиже көрсетіп, спортта топ жарып жүрген өрендер Астанаға қонаққа келіп, қаланың көрікті жерлерін тамашалайды. Бас қала әкімдігі қолдаған әлеуметтік турға осы жолы Абай облысының оқушылары келді.

Озат оқушылар елордаға саяхаттайды

Қала әкімдігі әлеуметтік жоба аясында Астанаға 1000 оқушы келетінін хабарлады. Бұл тізімге аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбие көрген жасөспірімдер, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қабілетті әрі үлгерімі де жақсы балалар енген. Қонақтарды қала әкімдігінің мамандары күтіп алып, сапардың сәтті өтуін қадағалайды. Жобаның бағ­дарламасына сай әр үш күн сайын өңірлерден жоспарлы түрде 10-14 жастағы 50 бала келеді.

Әлеуметтік турдың алғашқы күнінде қала әкімдігінің мамандары Абай облы­сы­нан келген қонақтарды «Бәйтерек» мону­мен­тінің маңында қарсы алып, сәт-сапар ті­леді. Көпшіліктің ортасында Астана қала­сы инвестиция және кәсіпкерлікті дамы­ту басқармасы туризмді дамыту бөлі­мі­нің басшысы Өмірзақ Тілеужан келешекте әлеуметтік турды дәстүрлі түрде ұйым­дас­ты­ру­ға болатынын айтты.

– Әлеуметтік турда елі­міз­дің барлық облыс­ынан, республикалық маңызы бар қалалардан 1000 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Олар үш күнде алдын ала әзірлеген экскурсия­лық бағдарлама бойынша­ Астананың туристік, әлеу­меттік-мәдени нысандарын аралайды. Әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге елорданы көрсетіп, тарихын таныту. Біз келешекте осы әлеуметтік турды дәстүрлі түрде ұйымдастыруды жос­парлап отырмыз. Сол үшін де кейін қандай да бір ескерту, ұсыныстар болса, реттеуге ниеттеміз.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің оқушысы Қуаныш Сембеков әлеумет­тік турда Астананы аралау­мен шектелмей, жаңа достар тапқанына қуанғанын жасырмады.

– Астанаға бұған дейін де келгенмін. Бірақ мен бармаған, көрмеген нысандар­ бар­ екен. Байқағаным, елордада жаңа ғи­марат­тар­ салынып, жылдан-жылға көркейіп жатыр. Мені­мен бірге Абай облысынан келген қатар­ластарымның арасында бұрын-соңды елор­­даға сапарламағандар барын білдім. Олар­ға елорда туралы көрген-білгенімді айт­тым. Бүгін таңертең пойыздан түскен бой­да әуелі қонақүйге орналасып ал­ған­ соң, қаланы аралауға шық­­тық. Ақорданы, жаңа­дан салынған мешітті көріп, «Бәй­­те­рек­ке» келіп отырмыз. Астанадағы үш күн менің және достарымның жадында қала­тын­ тарихи сәт деп ойлай­мын. Себебі биыл елді­гіміздің­ символы – Елордамызға 25 жыл. Өзім шахмат, домбы­ра үйір­мелеріне қаты­­сып жүрмін. Республикалық өнер бай­қау­ларында топ жардым. Менімен қел­ген­ дос­тарым да өнерлі әрі білімді екен. Олар­дың­­ ішінде қазірден Астанада білім алуды­ ар­­ман­дап жүрген достарым бар, – дейді Қуа­ныш.­­         

Осы­лайша, әлеуметтік турмен Астанаға сапар­лаған балалар кесте бойынша «Астана-Бәй­терек» монументінен бас­тап, «Нұр Әлем», Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық музейі сын­ды өзге де ны­сандарға барады. Сонымен қатар, балаларға арналған сауықтыру орындарын аралайды.