Экономика • 30 Маусым, 2023

Ертеңнен бастап сұйытылған мұнай газының бағасы өседі

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертеңнен бастап сұйытылған мұнай газының бағасы өседі

Өкімге сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы белгіленді. Соммасы тоннасына  қосымша құн салығынсыз 40 320 теңге.

2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде құны тоннасына 33 600 теңгені құрады.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.