«Сегізінші сайланымды басқа шақырылымдарға қарағанда ең жас Парламент деп атауға болады. Жасы әлі 35-ке толмаған 13 депутат Қазақстан жастары атынан өкілдік етіп жатыр. Бүгінгі таңда жаңарған Парламент – саяси мәдениеті жоғары, беделді халық қалаулыларынан құралған», деді Мәжіліс төрағасы.
Еске сала кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.