«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45-баптарына, 46-бабының 3-тармағына, 111-1 бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 23 шешімімен Жолжақсынов Бекзат Досханұлы Астана қаласы мәслихатының VIII сайланған депутаты болып, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша тіркелді», делінген хабарламада.
Еске салсақ, Астана қаласының мәслихат депутаты Берік Оралұлы Жәкеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайтыны хабарланған еді.