Тағайындау • 01 Шілде, 2023

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Серік Мақсұтұлы Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

Серік Мұхамедиев 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi. Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады. 1991-2010 жылдар аралығында сауда және бизнес салаларында экономист, бірнеше компанияның директоры болып жұмыс істеді.

Мемлекеттiк қызметке 2010 жылдың шiлдесiнде келді. СҚО Жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында 2016 жылға дейін қызмет атқарды.

2021 жылдың қазан айынан СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі болып қызмет етті.