Білім • 03 Шілде, 2023

Цифрлық платформа қолдану – білім берудің тиімді тәсілі

854 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ыбырай Алтынсарин  атындағы  жалпы  орта  мектебінің мұғалімдері мен оқушылары topiq.kz веб-платформасын белсенді қолданып жүр.

Цифрлық платформа қолдану – білім берудің тиімді тәсілі

Аталған веб-платформаның білім сапасының артуына әсері тәжірибемізден әжептәуір сезіледі. Әсіресе, мұғалім мен оқушылардың  өзара  ынтымақтастығын нығайту, ата-ананың өз баласының білім деңгейін мұқият қадағалай алуына тиімді басымдық берілген. Платформа тарауларының қолданыстағы оқулық тарауларымен өзара үндестігі ерекше. Сабақ мазмұнымен алдын-ала танысу, видеоматериалдар  арқылы білім жетілдіре түсу мүмкіндігі жоғары. Жаз  мезгілінде де цифрлы контентпен ұдайы ізденіп тұрамыз. Яғни, маусым  таңдамай, тапсырма орындап,  білім деңгейін үздіксіз  жетілдіруге мүдделіміз.  

Платформа кез келген браузерде қызмет істейді. Жүйе интернет-платформаларға қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келеді. Атап айтқанда:

- бай бейне, аудио материалдары және интерактивті деңгейі әртүрлі  тапсырмалар жүйесі бар;

- дербес компьютерлерге арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатудың қажеті жоқ;

- кез келген құрылғыда (компьютерлер, планшеттер, смартфондар) жұмыс істеу мүмкіндігі;

- интутивті түсінікті және пайдаланушыға интерфейсі ыңғайлы.

Topiq.kz платформасына қосылу орта мектептердің білім беру жүйесіне көп септігін тигізе алады. Мәселен «бір терезе» принципімен оқушылардың бірыңғай цифрлық портфелін қалыптастырады. Қазақ оқулықтарындағы интерактивті тапсырмалар мен медиа-контенттердің көптігін қамтамасыз етеді. Барлық мектептер, оқушылар және баспагерлер үшін қолжетімді цифрлық бір ортаны қалыптастыруы – өз алдына үлкен дүние. Жеңіл портфолио арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау, ұстаздардың әдіс-тәсілдерін кеңейтіп, қағазбастылықты азайтудағы нәтижесін де айырықша атап өтуге болады.

Сондықтан жазғы каникул кезінде де уақытты тиімді өткізу құралы ретінде өз тәжірибемізбен бөлісіп отырмыз.

 

Алтын КАМЕНОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры,

Атырау облысы Құрманғазы ауданы