Оқиға • 03 Шілде, 2023

«Amanat» филиалының басшысы жол апатына ұшырады

2796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облысында «Amanat» партиясы филиалының төрағасы мен аудандық мәслихат депутаты жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Amanat» филиалының басшысы жол апатына ұшырады

Ақпаратты «Аmanat» партиясы Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі растады.

Оқиға 2 шілде күні Қарағанды ​​облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара-Доскей тас жолында болды. 

«Nissan көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалды. Көлікте «Amanat» партиясы Бұқар жырау аудандық филиалының төрағасы болды, ал тізгінде облыстық мәслихаттың депутаты Анара Бозаева болған. Бұл ақпаратты өзі растады», деп хабарлайды партияның облыстық филиалы.

Анара Бозаеваның көлік жүргізу тәжірибесі мол екені айтылды.

«Айта кетейік, ол қазір еңбек демалысында. Қарағанды ​​облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, нәтижесінде барлық кінәлілер заңда белгіленген тәртіппен жазаланады», деп хабарлады партияның облыстық филиалы.

Айта кетейік, жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан малды қағып кеткен. Кейін рульді басқара алмай қалған әйел 8 және 16 жастағы кәмелетке толмаған екі бала мінген мотоциклмен соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан жасөспірімдер әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті полиция бөлімшесінде тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Толық және объективті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаментінен.