Елорда • 03 Шілде, 2023

Астанада жетінші күй жәрмеңкесі өтті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында домбырашылар бас қосып, жетінші күй жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада жетінші күй жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге тәжірибелі, танымал домбырашылар да, келешегінен зор үміт күттіретін жас таланттар да қатысты.

«Күй жәрмеңкесін жетінші рет өткізіп отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – жастарды ұлттық өнерге баулу, патриоттық сезімін арттыру», деді «Күй анасы» республикалық қорының басшысы Төлеген Қуанышев.

Домбыра үні мен ұлттық күйлерді тыңдау үшін қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.

«Мен үйіме асығып кетіп бара жатыр едім, кенеттен домбыраның сиқырлы үнін естідім. Дана халқымыз «Жаратқан иеміз әр қазақтың жан дүниесіне күйдің бір бөлшегін енгізіп қойған» дейді. Мен бұл пікірмен толық келісемін. Шынында да, біздің жеріміз таланттарға бай. Бүгінгі іс-шара – осының бір дәлелі», деді Астана тұрғыны Мадина Сәбитова.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25