Қоғам • 04 Шілде, 2023

Петропавлдық кәсіпкерлер депутаттармен бағаның өсу мәселесін талқылады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс  депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «CТ Assembly» ЖШС және «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдық кәсіпкерлер депутаттармен бағаның өсу мәселесін талқылады

CLAAS комбайндарын шығаратын «CT Assembly» кәсіпорнындағы еңбек ұжымында Ержан Бейсенбаев  инфляцияны тежеу және бағаны мемлекеттік реттеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметтері үшін төлемдердің дұрыс есептелмеуі сияқты  өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

а

Ал Петропавл электротехникалық зауытында кәсіпорынды одан әрі дамыту мәселелері  талқыланды. Қызметкерлер депутаттарға отандық өнеркәсіпті қолдауды күшейту туралы өтініштерін айтты.

Депутаттардың өңірлер бойынша сапарлары әлі де жалғасады.

а