Аймақтар • 04 Шілде, 2023

Алматыда Боралдай тас жолы уақытша жабылады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Боралдай тас жолы бойында су құбыры мен кәріз желілерін тартуға байланысты көлік қозғалысы бір айға жуық уақытқа шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Боралдай тас жолы уақытша жабылады

Боралдай тас жолының Алатау ауданындағы Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейінгі бөлігі 5 шілдеден 3 тамызға дейін жабылады. Бұл туралы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабар таратты.

Шектеу 3,5 шақырым су құбыры мен 2,8 шақырым кәріз желісін тарту жұмыстарына байланысты қойылып отыр. Коммуникация құрылысы аяқталғанда су құбыры мен кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысы Алатау өңірінің 2500 тұрғынын қамтамасыз етеді.

Биыл қала билігі 20 нысанда 108,4 шақырым су құбыры және кәріз желісін (81,1 шақырым су құбыры және 27,3 шақырым кәріз) салуды жоспарлап отыр. Бұл халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуін 99,2 пайызға дейін арттырады.