ТАРИХИ ЕРЛІК ЖАЛҒАСА БЕРСІН
Мемлекет басшысының атына “Болашақ мақсатындағы зерде” халықаралық форумына қатысушылардан ұжымдық хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Араларында Ресейдің, Беларусь Республикасының, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Израильдің, АҚШ-тың, Франция мен Швейцарияның азаматтары бар авторлар Қазақстан халқы Ассамблеясының шақыруы бойынша өздерінің Қазақстанға келіп, “Болашақ мақсатындағы зерде” жобасының шараларына қатысып, қазақстандықтармен пікірлесе, “АЛЖИР” мемориалдық мұражайында бола алғаны үшін ризашылықтарын білдіреді. Халықаралық форумға қатысушылар репрессиялардың бейкүнә құрбандарының жарқын бейнесін сақтауға көңіл бөліп отырғаны үшін тікелей Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтады. “Біз үшін қасиетті орындарға тағзым етуге Сіздің тамаша еліңізге келгенде Сіз бізбен тікелей кездесуді қажет деп тауып, зор көңіл және адами қатыстылық танытады деп ойлай қойған жоқ едік. Сізбен кездесуде біз қазақ халқының ізгі жанының бүкіл кеңістігі мен жылылығын шын жүректен сезіндік және сол кезде Қазақстанда болған лагерлер арқылы өткенде біздің ата-аналарымыз неліктен тірі қалғанын, олардың ұрпақтары бізге де ыстық әрі етене болған Сіздің еліңізді неліктен жылылықпен еске алатынын түсінгендей болдық. Қорқынышты жылдар мен тоталитарлық террор құрбандары туралы зердені сақтау үшін Сіз жасап отырған нәрсе – бұл тарихи ерлік. Біз лагерлердің орнында мемориалдық кешендер, ескерткіштер тұрғызылғанын, Сіздің бастамаңыз бойынша міне он жылдан астам уақыт бойы 31 мамыр Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып отырғанын көрдік. Бұл бұрынғының қасіреті қайталанбауы үшін тарихқа қалай қарау керектігі тұрғысынан баршаға өнеге, бұл рухани бастауды сақтау, бұл – Тағзым тағылымы. Ең бастысы – бұл репрессиялардан өзі де сұмдық зардап шексе де, сол қатал уақытта зорлық көрген барлық халықтарды жадында мұқият сақтап келе жатқан қазақ халқының жоғары адамгершілік сезімінің өнегесі. Қазақ халқына рахмет айтып, тағзым етеміз! Біз Сіздің жеріңізден бейбітшілік пен келісімді көрдік. Соның арқасында Қазақстан миллиондаған адамдар үшін тозақ болған жер аудару мен лагерлер орнынан өркендеген елге айналды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан құрылған сәттен бастап Сіз жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Осындай Президенті бар халық бақытты! Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!” – делінген хатта.Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:37
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 14:10
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:50
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08