Экология • 05 Шілде, 2023

Тоқаев: Жауапты қала тұрғыны – елінің тағдырына бей-жай қарамайтын адам

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында экология саласына әрдайым айрықша көңіл бөлетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Жауапты қала тұрғыны – елінің тағдырына бей-жай қарамайтын адам

«Intelligent Community Forum беделді халықаралық ұйымының мәліметі бойынша елорда әлемдегі ең интеллектуалды қоғамдастықтың бірі ретінде озық 21 шаһардың қатарына енді. Сонымен қатар қаламызда Орталық Азиядағы ең ірі Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі құрылды. Бұл технопарк тек еліміздің ғана емес, бүкіл аймақтың цифрлық трансформациясына елеулі үлес қосады», деді Президент.

Сондай-ақ ол экология саласына әрдайым айрықша көңіл бөлетінін айтты.

«Аталған мәселеде азаматтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы шешуші мәнге ие. Ірі қалалардағы көшелердің қоқыстан таза болуы тұрғындардың азаматтық сана-сезімі жоғары екенін анық көрсетеді. Жауапты қала тұрғыны дегеніміз – бұл, ең алдымен, өз қаласының және елінің тағдырына бей-жай қарамайтын адам», деді ол.