Елорда • 05 Шілде, 2023

Астана автопаркі 90-ға жуық автобуспен толықты

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалаға жаңа автобустар жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана автопаркі 90-ға жуық автобуспен толықты

«Қаламызға 90-ға жуық жаңа автобус жеткізілді. Осы айда тағы 40-қа жуық автобустың жеткізілуін күтіп отырмыз. Қоғамдық көліктің бір бөлігі – электр автобустары. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы орындармен жабдықталған», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Жалпы биыл қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа арттыру жоспарланған. Мәселен күн сайын желіге орта есеппен 900 автобус шығады. Осылайша, 400 жаңа автобус автопаркті едәуір ұлғайтуға, жаңа маршруттарды іске қосуға, қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға мүмкіндік береді.

«Автобустардың бір бөлігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қоғамдық көлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша және жеке автопарктердің қаражаты есебінен сатып алынды», делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15