Қоғам • 05 Шілде, 2023

Қазақстанда Астана есімді қанша адам бар?

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы Астана есімді қазақстандықтар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстанда Астана есімді қанша адам бар?

Бюро мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады, оның 18-і ер, 8-і әйел адамдар. Бұл ретте елорда құрметіне 17 адамға Астана есімі берілген, қалғандарына 1998 жылға дейін осы есім қойылған.

Балаларына «Астана» сөзі кездесетін есім қойған қазақстандықтар да бар. Бұл қыздар арасында Астанай және ұлдар арасында Астанали, Нұрастана сияқты есімдер.

Сондай-ақ елорданың басты көрікті жерлерінің бірі «Бәйтерек» монументі құрметіне 41 адамға, қазақша «Бәйтерек» транскрипциясында 31 адамға есім берілген.

6 шілдеде Қазақстанның астанасы 25 жылдығын атап өтеді. Президенттің 1997 жылғы 20 қазандағы жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қазіргі Астана - бұрынғы Ақмола елорда болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті.