Елорда • 06 Шілде, 2023

Көркіне көрік қосқан

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Егемендік алып, еңсе тіктей бастағанда елорда Арқа төсіне көшірілді. Осы құтты қадамның ізімен көп ұзамай-ақ Астананың жаңа дәуірі, өрлеу кезеңі басталып кетті. Ширек ғасыр шеңберінде аядай ғана қаланың орнына елдіктің, еркіндіктің белгісіндей еңселі елорда құрылды.

Көркіне көрік қосқан

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Жиырма бес жылдық тарихтың куәсі болып, бас қаланың символына айналған Бәйтеректі бүгінде зәулім ғимараттар құдды бір көлегейлеп, қорғаштап тұрғандай әсер қалдырады. Шыны керек, Астана құрылған алғашқы жылдары жаңашылдықтың лебі Есіл ауданы­нан ғана есіп тұратындай сезілетін. Ал бүгінде жаңа аудандар құрылып, барлық аумаққа теңдей көңіл бөлініп, көркейіп жатыр.

в

Алысты айтпай-ақ қоялық, беріде бой көтерген, зеңгір көкпен таласқан «Абу-Даби Плаза» кешені, ЭКСПО кешені, соның маңайында салынған ғимараттардың өзі қандай? Жақында ашылған Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке арнайы келіп жатқан қонақтар көп. Бұл да болса, туристік қала ретінде міне-міне таныла бастаған қаланың абыройы.

см

Барған сайын құлпырып келе жатқан шаһардың шырайы одан сайын ашылып, аясы кеңейе беретіні анық. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, тағы бір ширек ғасырда әсем қаламыз мүлдем басқа кейіпке еніп, таңдай қақтыруы ғажап емес. Өйткені елудің жартысын жасаған жасампаз қаланың қазіргі көркін бұрын елестетудің өзі қиын болатын. Ендеше, айшықты Астананың бүгінгі көрінісінің бір парасына төмендегі суреттен көз тойдырыңыздар!

чсм

чп