Театр • 05 Шілде, 2023

«Наз» нақыштары

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының 25 жыл­­дығына орай «Наз» мем­ле­кеттік би театрының «Қазақ жәдігер­лері» атты мерекелік кон­церті өтті.

«Наз» нақыштары

«Наз» мемлекеттік би театры­ның қалыптасуы бас қала­мен тікелей байланысты. Себебі теат­р елорда Арқа төсіне көшкеннен кейін құрылды. Содан бері өнер ордасы Ас­танамен бірге дамып, рухани кемелденіп келеді.Осы жылдар ішінде өнер ұжымы еліміз бен бас шаһардың мерейін шет мемлекеттерде талай мәрте асырды.Театр ре­пертуарындағы қай­таланбас қойы­лым­дар мен концерттік бағ­дар­ламалар арқылы шетелдік көрер­мендерге қазақ би өнерінің ерекшелігін танытты.

п

Елорда мерекесіне арналған концертте өнер ұжымы қазақтың салт-дәстүрін паш ететін «Тұсаукесер», «Сүйінші», «Секіртпе», «Қайым айтыс», «Көңілашар» секілді ерекше қойы­лымдарды тарту етті. Сонымен бірге қазақ жігіттерінің батырлығын, өрлігін, қайсарлығын бейнелейтін «Тау ұлы» туындысы театрдың бетке ұстар қойылымы екеніне көзіміз жетті. Ал қазақ қызының нәзіктігін, сұ­лулығын айшықтаған «Назбике», «Ің­кәр се­зім», «Аққу», «Сер­пін» билері кө­рерменді бірден баурады. Сондай-ақ концертте театр әншілері, ха­лық­аралық және рес­публикалық бай­қау­лардың лауреаттары Бәтима Изенаева, Зағипа Иманғазиева, Айсұлтан Басықара әуе­летіп ән салып, тыңдаушылардың ықыласына бөленді.

Бір сөзбен айтқанда, Астанамен бірге көркейіп, арнасы кеңейген «Наз» мемлекеттік би театрының хал­қымыздың көне дәуірден бүгінге жет­кен ұлттық құндылықтарын хореография тілінде жеткізген ерекше фор­мадағы қойылымы көңілімізден шықты.