Қоғам • 06 Шілде, 2023

Димаштың шетелдік жанкүйерлері балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайбергеннің  канадалық жанкүйерлері ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесетін Make a Wish Canada қайырымдылық қорына қаражат жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаштың шетелдік жанкүйерлері балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Қайырымдылық акциясын Dears from the Canada & Dimash фан-клубы Димаштың туған күніне орай ұйымдастырды.
 
Make a Wish Canada — өміріне қауіп төндіретін аурулары бар балалардың тілектерін орындауға арналған канадалық ұлттық қайырымдылық ұйым. 1983 жылы негізі қаланған уақыттан бері Make a Wish Canada 37 000-нан астам баланың армандарын орындады.
«Димаштың балаларға көмектесуге деген ниетінен шабыттанған елдің түкпір-түкпірінен келген Dears қайырымдылық көмекке үлкен қуанышпен үлес қосты. Осылайша біз 1070 канадалық долларды (360 мың теңге) жинай алдық. Біз одан да көп балалар өз армандарын орындай алады деп үміттенеміз», деді Канада мен Димаш фан-клубының Dears жанкүйерлері.