Елорда • 06 Шілде, 2023

Бүгін Астана аспанында мерекелік шоу көрсетіледі

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кешке Астана аспанында мерекелік шоу көрсетіледі. Бұл туралы продюсер Дәуіт Шайхисламов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Астана аспанында мерекелік шоу көрсетіледі

«Туған күніңмен, Астана!

Елорда әкімдігінің қолдауымен, шығармашылық топ, кәсіби ұшқыштар және анимациялық суретшілермен бірге астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік тосын сый әзірледік.

Бұл нағыз әуедегі сиқыр болмақ!

Дрон-шоу – әсерлі қойылым, заманауи өнер мен технологиялардың бірлесуі.

Баршаңызға мереке құтты болсын! Бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!

Бүгін кешке Тәуелсіздік даңғылындағы «Қазақ елі» алаңында күтеміз», деп жазды продюсер.

Қала әкімдігінің ресми сайты шоу сағат 22:30-да басталатынын хабарлады. 500 дрон түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары мен басқа да кескіндерді суреттейді. Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылады. Айта кетсек, шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.