Аймақтар • 06 Шілде, 2023

Павлодарда Қазпошта филиалы директорының орынбасары сотталды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда «Қазпошта» облыстық филиалы директорының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар сотының баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Павлодарда Қазпошта филиалы директорының орынбасары сотталды

Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 соты «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты үкім шығарды. Оған ірі көлемде пара алды (ҚК 366-бабы, 2-бөлімі) деген айып тағылды.

Биыл қаңтарда «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының өндіріс бойынша орынбасары Ж. заңсыз баю мақсатында мердігер компания өкіліне «Қазпошта» АҚ ФПБ автокөлік басқармасының аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу жұмысын кедергісіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы беруді ұсынған. Содан кейін Ж. 2 000 000 теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Прокурор Ж.-ны 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы жеңілдететін жағдайларды ескеруді өтінді. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, ақтауды сұрады.

Заңда қылмысты айыппұл немесе бас бостандығынан айыру сынды жазаның балама түрлерімен өтеу де қарастырылған.

Кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, кішкентай балалары бар екенін, 3 топтағы мүгедектігін, қылмыстық құқықбұзушылықпен бірінші рет айыпталғанын ескере отырып сот Ж.-ны 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сотталған азамат өмір бойы мемлекеттік қызмет, сот, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері және т.б. қызмет істеу құқынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.