“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Норвегия Корольдігінің және Финляндия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Даг Малмер Халворсенмен және Микко Киннуненмен кездесті.
Кездесу кезінде Нұрлан Нығматулин қонақтарды Қазақстанның Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия алдына жүктеген тапсырмалары, партия қызметі, партияның Қазақстан Республикасы Парламентіндегі фракциясының, барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмыстары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, алдағы 5 жылда экономика саласында басты стратегиялық құжат саналатын 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы туралы да сөз болды.
Дипломатиялық миссия жетекшілері Қазақстанның, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азиядағы саяси тұрақтылықты сақтауда, ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтуда жүргізіп келе жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.
Тараптар, сондай-ақ, болашақ бағыттарды сөз ете отырып, алдағы уақытта да қарым-қатынастың жан-жақты дамитынына сенім білдірді.
“Егемен-ақпарат”.