Аймақтар • 07 Шілде, 2023

Алматы облысында қамыс өрті тіркелді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Балқаш ауданында Қараой ауылынан 30 км жерде қамыс өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында қамыс өрті тіркелді

«6 шілдеде сағат 21.00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Балқаш ауданында Қараой ауылынан 30 км жерде, «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағындағы жекелеген аралдарда қамыс өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екі кордон аумағында қамыс өртін анықтады», делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгін сағат 03.30-да «Вагон» кордонындағы өрт оқшауланды. Наурызбай кордонындағы өрттің аумағы 20 га құрайды.

Өртті сөндіруге «Іле-Балқаш» МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД 16 адам, 8 бірлік техника, 2 мотопомпа, 1 жүзу құралы және 1 ұшақсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ.