7 шілде сағат 12.50-де Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылынан 3 км қашықтықта Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген.
Өрттің болжамды ауданы 548 га. Өрт сағат 19:00-де оқшауланып, сағат 19:34-те толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығының, Павлодар облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.