Қоғам • 08 Шілде, 2023

Қазақстанға Ресейден жолбарыстың күшіктерін заңсыз әкелмек болған

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей кеденшілері үш айлық жолбарыс пен арыстан күшіктерін Қазақстанға заңсыз әкетуге жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға Ресейден жолбарыстың күшіктерін заңсыз әкелмек болған

Аң күшіктерін Астрахан облысындағы «Қараөзек» өткізу бекетінде жолаушылар көлігін тексеру кезінде байқап қалған. 60 жастағы көлік жүргізушісі оларды көліктің артқы орындығындағы пластик тасымалдағышпен алып шықпақ болған.

Алайда оның рұқсат құжаттары болмаған. Күшіктерді Шешенстан Республикасынан сатып алып, қазақстандық жеке хайуанаттар бағына сатуды жоспарлаған.

а


«Жануарлар тәркіленіп, қолайлы жерде уақытша ұстауға беріледі. Контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», деп хабарлады РФ Федералды кеден қызметі.