Әлем • 10 Шілде, 2023

Нигерияда жол апатынан 20 адам көз жұмды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос штатында автобус пен жүк көлігі соқытығысты. Жол апаты салдарынан 20 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нигерияда жол апатынан 20 адам көз жұмды

Лагос штатының көлік басқармасы хабарлағандай, оқиға Мово қаласында болған. Жүргізушімен бірге 20 адам болған автобус үлкен жылдамдықпен келе жатып, құм мен топырақ тиелген алдыңғы көлікке соғылды. Автобуста болған адамдардың барлығы қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Көлік басқармасының мәліметінше, жол апатына жылдамдықты арттыру себеп болған.

Айта кетейік, Нигерияда жол сапасына және жылдамдықты арттыруға байланысты жол апаты жиі болады.