Президент • 10 Шілде, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтад

Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан Президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Мемлекет басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыбай» жағасы жүдеп тұр

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Роботтар жекпе-жегі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Өсімдіктер де сөйлейді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:13

Төрт тілде жарық көрген жинақ

Басылым • Бүгін, 08:10