Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, ерлер арасындағы «элит» санатындағы жарыста отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ол белгіленген қашықтықты 52 минут 54 секундта бағындырған. Отандасымыз күміс жүлдегер жапониялық Рен Сатодан – 7, чемпион Аоба Ясумацудан 20 секундқа ғана қалып қойды.
Құрлық кубогінің жалпы жүлде қоры – 12 мың доллар. Оның ішінде чемпиондар – 1 500, күміс жүлдегерлер – 1 200, 3-орын алған триатлоншылар 900 долларға ие болды. Биылғы жарысқа 14 елден 100-ден аса кәсіби спортшы жиналған.