Ауа райы • 11 Шілде, 2023

Елдің басым бөлігіне аптап ыстық болады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 шілдеге  арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz

Елдің басым бөлігіне аптап ыстық болады

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Елдің батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 градус жылы.

Алматыда күн ашық. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 37-39 жылы.