Оқиға • 11 Шілде, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды

Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:30-да Ақтөбе-Орынбор автожолының 20 шақырымында болды. Анықталғандай, ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.