Теннис • 12 Шілде, 2023

Рыбакина – ширек финалда

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел теннисінің көшбасшысы, былтырғы Уимблдон додасының жеңімпазы Елена Рыбакина аталған турнирдің ширек финалына шықты.

Рыбакина –  ширек финалда

Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған жерлесіміз «Үлкен дулыға» жары­сы­ның төртінші айналымында әлемнің 13-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты. Орталық корт­тағы кездесуді Рыбакина сәтті бастады. Үшінші геймнен кейін есеп 2:1 болған мезетте отандасымыз брейк жасап, 3:1 есебімен алға шығып алды. Содан кейін өз геймінде мықтылық танытып, есептегі басымдықты ұлғайтты – 4:1.

Алайда бесінші геймнен кейін брази­лия­лық теннисші жарақатына байланыс­ты медициналық көмекке жүгініп, әрі қа­рай бәсекені жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Елена еш қиындықсыз жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Енді жерлесіміз бүгін Уимблдонның жартылай финалына шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы тунистік Онс Жабермен кездеседі. Бұл екі спортшы Ұлыбританиядағы жарыстың былтырғы финалында ойнап, үш сетке жалғасқан бәсекеде Елена Рыбакина 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жеткен.