Пікір • 12 Шілде, 2023

Бәрі заңға негізделуі тиіс - Максим Рожин

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Максим Рожин Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәрі заңға негізделуі тиіс - Максим Рожин

«Бұл Заңның мақсаты неде, не үшін керек деген сұрақтарды естимін. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама заңсыз мүлікті қылмыстық процестік және әкімшілік процестік тәртіппен ғана қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл ұзақ уақыт алады, және нәтижелі бола бермейді. Ал Осы Заң арқылы біз заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жаңа құралдар жинағын аламыз. Яғни халықаралық тәжірибеге сай активтерді азаматтық тәртіппен ерікті немесе мәжбүрлеп қайтаруға негізделген жаңа рәсімдер пайда болды», деп жазды Максим Рожин Facebook желісінде.

Оның жазуынша, аталмыш заңды әзірлеу кезінде Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Канада, Австралия және басқа елдердің қылмыстық іс жүргізуден тыс, яғни азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде азаматтық тәркілеу арқылы мүлікті тәркілеу тетіктерін қолданатын тәжірибесі зерттелді.

«Активтерді қайтару барысында ашықтық болады ма деген сұрақ көпшіліктің көкейінде жүр. Оның ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссияның негізгі функциясы - заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл ұсыныстарды уәкілетті орган қарауға міндетті.

Егер нақты бір адамның активтерінің заңдылығына күмән туса, Комиссияның ұсынысы бойынша уәкілетті орган мұндай адамды тізілімге енгізуі мүмкін. Тізілімде субъектілер және олардың үлестес адамдары туралы мәліметтер болады.

Азаматтық тәркілеу жөніндегі барлық негізгі шешімдер комиссия арқылы өтеді.Активтерді тәркілеу тек сот шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Адамдар азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде шешімдерге шағымдана алады.

Осылайша, активтерді қайтаруға қойылатын халықаралық стандарттардың талаптары қарапайым: бәрі заңға негізделуі тиіс, тиісті процесс болуы керек, сот тарапынан бақылау болуға тиіс және қоғам үшін ашық болуға тиіс», деп жазды Максим Рожин