Пікір • 12 Шілде, 2023

Заңсыз иемденілген активтерден түскен қаржы ұлттық қорға түсіп отырса – экономист

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономист Мақсат Халық Заңсыз иемденген активтерді елге қайтару туралы заңға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз иемденілген активтерден түскен қаржы ұлттық қорға түсіп отырса – экономист

«Заңсыз иемденілген активтерден түскен қаржы ұлттық қордың есепшотына аударылғаны дұрыс деп есептеймін. Біз соның арқасында ұлттық қорымызды еселейміз. Мемлекет басшысы 100 млрд доллардан асыру керек деген меже қойған еді. Егер осы қаражатты осы ұлттық қордың шотына аударатын болсақ, сол межеге тез-ақ жететін боламыз.

Көптеген заңды қабылдауға үлес қосқан депутаттардан ол ақшаның қайда жұмсалатынын сұрағанмын, олар халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға бағыттауға, өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталады деген пікірді алға тартты. Әрине, адами фактор болғандықтан қаржы талан-таражға ұшырап кетпей ме деген сұрақ туындайды.

Сондықтан бұл ұлттық қордың есепшотына түссе, біріншіден ұлттық банктің қадағалауында болады.

Екіншіден, Ұлттық қордың көлемін ұлғайтамыз.

Үшіншіден, ұлттық қордың инвестициялық кірісі де еселенетін болады. Бұл дегеніміз болашақ ұрпаққа берілетін қаражаттың көлемін ұлғайтамыз деген сөз», деп түйіндеді  Мақсат Халық.