Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ футболының аңызына айналған даңқты спорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Сейілда Икрамұлы «Қайрат» футбол командасының сапында көп жылдар бойы өнер көрсетіп, жасындай жарқыраған еді. Білікті бапкер ретінде жастарды жеңіске жетудің қыр-сырына үйретіп, елімізде осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосты. Өмірде адал еңбек етіп, өшпес із қалдырған Сейілда Икрамұлының есімі мен бейнесі мәңгі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы спорт ардагері Сейілда Байшақовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада XVIІ «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Бүгін, 20:47
Президент сот жүйесін реформалауға бағытталған заңға қол қойды
Заң • Бүгін, 19:37
Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін
Білім • Бүгін, 19:20
Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Аймақтық қоғамдық кеңестерге арналған стади-тур өтті
Қоғам • Бүгін, 18:09