Қоғам • 13 Шілде, 2023

Семей орманындағы өртпен күрескен өжет жандар марапатталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған ірі өрт кезінде қайсарлық танытқан қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей орманындағы өртпен күрескен өжет жандар марапатталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен келесі азаматтар марапатталды:

  • «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Советов Қанат Талғатұлы;
  • «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Батпаев орман шаруашылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дюсеханов Едил Кайратович;
  • «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Бегенев филиалының трактористі Мухамеджанов Мұрат Жолдасбайұлы.

Сонымен қатар іс-шара барысында жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың үздік мамандары «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен және министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.

photo
photo
photo
photo
photo
photo