Президент • 13 Шілде, 2023

Президент Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен сөйлесті

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызмктіне сілтеме жасап.

Президент Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен сөйлесті

Нидерланд тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.   

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына баса мән бере отырып, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.  

Нидерланд еліміздің экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26 пайызға артып, 6 миллиард долларға жақындады.  

Марк Рютте  екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Нидерланд Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде қарастырады. 

Халықаралық күн тәртібін талқылау аясында Мемлекет басшысы бейбітшілік пен келісім үшін барлық елдің жан-жақты ынтымақтастығын  БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сай жолға қою маңызды екенін айтты.