Көрме • 14 Шілде, 2023

Дала даңқын асырған көрме

419 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше «Jańa Dala / Green Day-2023» Дала күні жыл сайынғы мамандандырылған оныншы көрмесі басталды. Көрме Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС алаңында, Астанадан 90 шақырым жерде өтіп жатыр.

Дала даңқын асырған көрме

Көрменің ашылу салтанатына Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, бірқатар шет мемлекеттердің елшілері мен өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Еңбек ауылының алаңында екі күн бойы өткізілетін көрмеге биыл әлемнің 19 елінен 150 аграрлық кәсіпқой компания келіп қатысып жатыр. Бірқатарын атап айтқанда, Аустрия, Беларусь, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, Қырғызстан, Нидерланд, Польша, Ресей, Сербия, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Өзбекстан, Украина, Чехия қатысушылары ауыл шаруашылығы технологиялары, селекциялық жетістіктер мен мал шаруашылығы саласындағы соңғы әзірлемелерді көрмеге келушілерге ұсынып отыр. Сөйтіп, еліміздің фермерлері мен диқандарына заманауи техниканың үлгілерін көрсетті. Екі күнге ұласатын көрмені 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы мамандары мен сала ғалымдары және қарапайым еңбек адамдары келіп тамашалайды. Олар­дың әрбірі керегін келеге салып, зерттеп зерделейтіні, жоспарлап жүйелейтіні анық.

Облыс әкімі Ермек Боран­бай­­ұлы мен вице-министр Рүстем Жомарт­ұлы көрмені салтанат­ты­ түрде ашқаннан кейін ауыл шаруа­шылығының үздік маман­дары мен салаға еңбегі сіңген ғалымдар мен зертхана қыз­меткерлерін марапаттады. Астана өнерпаздары көрме қатысу­шыларға қазақ халқының өнерін тамашалатты.

Негізі Жаңа дала көрмесіне жыл сайын шамамен өз еліміздің 5 мыңнан астам фермері қатыса­ды­­ екен. Биылғы көрмеге қа­ты­­­­сушы отандық фермерлер са­ны­­ да жылдағыдан кем емес сияқ­­ты. «Jańa Dala / Green Day-2023» қазақстандық Дала күні­нің­­ негізгі серіктестерінің бірі – Қазақ­­станның АӨК лизинг нары­­ғындағы көшбасшысы «Қаз­Агро­Қаржы» акционерлік қоға­мы. Көрме ашылған күні журналистер мен блогерлерге баспасөз-турын осы мекеме ұйымдастырды.

см

Көрмеге ауыл шаруа­шы­лы­ғы техникасының ірі өнді­ру­шілерінің, салалық қауым­дас­тық­тардың өкілдері, сондай-ақ­ аталған «ҚазАгроҚаржы» АҚ бас­қарма төрағасы Айдар Прашев қатысты. Ол көр­меде Ростсельмаш, Агро­маш­Холдинг, Amazone, John Deere, CLAAS және басқа да өнді­ру­­­­ші­лердің өнімділігі жоғары егіс,­ егін жинау, топырақ өңдеу, жем­шөп жинау техникасы мен жаб­­дық­тары ұсынылғанын айтты.

Өткен маусым айында «Қаз­АгроҚаржы» АҚ-да «Өз жем-шөбі­міз» (жем өндірушілер үшін) және «Жасыл Өнім» (жеміс-көкөніс өндірушілер үшін) жеңіл­де­тілген бағдарламалары басталды. Олар бойынша фермерлерге бұрынғы бағдарламалармен салыстырғанда үлкен жеңілдік­тер беріледі. «Жылдық 6%, аванс 15%-дан, лизинг мерзімі 10 жылға дейін, кепілдік талап етілмейді. Бұл фермерлерге қаржылық жүк­те­­мені айтарлықтай жеңіл­де­тіп, шаруашылықтардың қар­қын­ды­ дамуына мүмкіндік жасайды», деді­ А.Прашев.

Компанияның тұрақты бағ­дар­ламалары «Экспресс-лизинг», «Ма­стер лизинг» екені мәлім. Олар­мен бірге адал қарыз алушылар үшін «Сенімді фермер» адалдық бағдарламасы қарастырылған. Енді бұдан былай мал азығын, сондай-ақ жеміс-жидек пен көкөніс өндірушілер қажетті техникалық жабдықты жылдық 6%-ды лизингке ала алады.

Көрмеде техникадан бас­қа­, учаскелердегі әртүрлі да­қыл­ мен сорттың демонс­тра­ция­­лық дақылдары, сондай-ақ­­ мал және сүт фермалары,­ жемшөп, жануарлардың ра­цио­­­ны, ветеринарлық медици­­на­­­­ның қоспалары мен әзір­ле­ме­лері, топырақ өңдеу және т.б. бар. Ауқымды шарада ал­ғаш­ рет Қазақстанның ІҚМ ет тұқымдарының барлық Респуб­ли­калық Палаталары жиналды:­ қа­зақ ақбас тұқымы Qazaq aqbas, Қазақстанның Ангусы, Әулие­көл тұқымы бойынша Шароле, Лимузин, Обрак, герефорд тұқы­мы,­ қалмақ тұқымы бойынша. Сон­дай-ақ павильонда Рес­пуб­ли­ка­лық сүт және аралас тұқымдар палата­сының ІҚМ (голштейн, қара-ала, қызыл дала, холмогорск, Әулие­ата, симменталь, Алатау, швиц­кая, бестужевская, монбельярд) қойылды.

Бұдан басқа, топырақ өңдеу бойынша демо-көрсетілім, ауыл шаруа­шылығы дақылдарының селек­циялық жетістіктері бар учаскелерді, сондай-ақ өсім­дік­ шаруа­шылығы мен мал шаруа­шы­лы­­ғы­ның ауыл шаруашылығы техни­­к­асы мен жабдықтарын тек­се­руі өтеді.

Іскерлік бағдарлама аясында­ көрмеде шеберлік сыныптары,­ фер­мерлерге арналған семинар­лар, сондай-ақ отандық және шетел­дік сарапшылардың қаты­суы­мен «Инновацияларды енгізу және сүт-тауар фермаларының құзы­­­рет­тілігін арттыру» ха­лық­­ара­лық конференциясы ұйым­дас­­ты­рылды.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған шетел елшілері көр­мені ұйымдастырушылар мен­ қатысушыларға алғысын біл­­ді­ріп, саладағы өз елдерінің тә­жі­­ри­белерімен бөлісті. Сөй­тіп,­­ ауыл шаруашылығы мәсе­­­­ле­­сін­де Қазақстанмен қа­рым-қаты­нас­­та­рын нығайтып, да­мы­та бере­тін­де­рі­не және соған мүд­делі екен­дерін ал­ға­ тартты.

Облыс әкімі Ермек Боран­бай­ұлы­ мен вице-министр Рүстем Жо­март­ұлы көрмеге қойылған ауыл­шаруашылық техникалары­ мен түрлі жабдықты және асыл­ тұқымды малдарды аралап­ кө­ріп, фермерлермен, сала маман­дарымен қызу пікір алмасты.