Елорда • 14 Шілде, 2023

Астанада тағы бірнеше көше жөндеуге жабылды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Керей Жәнібек хандар көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада тағы бірнеше көше жөндеуге жабылды

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 15-19 шілде аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Керей Жәнібек хандар көшесі бойында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сондай-ақ Астанада Қорғалжын тас жолы мен Айтматов көшесінің қиылысындағы съездер жабылады. 

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшесінің қиылысында оң жақ съездерде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты 14-17 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп ескертті қала әкімдігі.