Қоғам • 14 Шілде, 2023

Respublica партиясы филиалының төрағасы Асхат Бектұров дүниеден өтті

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы хабарды партия басшысы Айдарбек Қожаназаров жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Respublica партиясы филиалының төрағасы Асхат Бектұров дүниеден өтті

«Қарағандыдан суық хабар жетті. Партияласымыз, облыстық партия филиалының жетекшісі және мәслихат депутаты Асхат Есентұров 41 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабар бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Асхат Есентұров қандай тұлға болғанын жеткізу үшін өмірінің бір бөлігін бөліссем. Өзі мүмкіндігі шектелуі азамат бола тұра «Қолғанат-Қарағанды» тігін компаниясын ашты. Бұл әлеуметтік кәсіпорын Қазақстан нарығында сегіз жылдан бері жұмыс істеп, 50-ден астам адамды жұмыспен қамтыды, оның жартысынан көбі - мүмкіндігі шектеулі жандар», деп жазды Айдарбек Қожаназаров өзінің Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, Асхат Бектұровтың алға қойған тағы бір жоспары - балаларға арналған экологиялық ойыншықтар шығаруды жолға қою, өндірісті кеңейтіп, ең бастысы – зейнет жасындағы адамдарды да жұмыспен қамту еді.

«Асхат Жалғасбайұлы біздің жадымызда әдепті, еңбекқор, адал, өз ісінің кәсіби маманы, елінің нағыз азаматы ретінде сақталады. Отбасына, барша ағайын-туыс бауырларына қайғырып көңіл айтамыз!», деп түйіндеді ол.